Уға айналған көз майы

Бұл бетте «Уға айналған көз майы» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1009
Шуыл құрап қалың ши, ызың құрап,
жолға шықтым іңірде қызылқұлақ.
Дауылдатқан дәл осы күн секілді.
өзімнің де келеді бұзылғым-ақ!
Қайран менің өз Тауым-өз Қыратым,
сайтан бар ма сені де азғыратын?
Бұл қай Дауыл?.. құйрығы құмға айналып,
қызғылттанған қылшығы көзге ұратын?..

Жолға шықтым, ал енді, қаным тасып.
Қалың шығар, білмеймін, сорым да шын.
Қайдасың сен, бауырым-қоңыр Тауым?
Қайдасың сен, Самал-Жел-қарындасым?
Қайнамайды мендегі қалайша қан,
қаңтарда да көрмедім балауса қар!
Көз алдымда барасың сен үзіліп,
көдемұртты Далам-ай, селеусақал!
Түсіндіре алар ма мұны ғалым?
Түйсіктердің сайрағыш тілі қане?
Көрсетпеші, бұралқы итке айналып,
ағысы жоқ арнаның ұлығанын!
Қаңғып шығып сырттан – сөз, барақ – арман,
қарқылдаушы ед секемім-ала қарғам...
Тоналумен, Далам-ай, күн кештің-ау,
тоғайлардан томарлар ғана қалған!
Жұлдыздардың шырынын ұрттағыш
Таң ұйықтап жатыр.
Ұйқыға жұрт та құштар.
Қай кез еді, соңғы рет Шыңғыстаудан
тамырларын қопара бұлттар ұшқан?!.

Қара шашы дауылдың қамалаған
Қара Жолдан көңілім оңала ма?
Мен жолаушы емеспін, көз жасыңмын,
әжіміңді қуалай домалаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уға айналған көз майы өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Уға айналған көз майы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уға айналған көз майы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уға айналған көз майы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері