Екінші лебіз – Табылды Досымов

Бұл бетте «Екінші лебіз» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1411
(С.Әзірбаевқа)

Сол болар деп ұлы ұстазды сүйгендік,
Сен жиренген тексіздіктен жирендік.
Саған ұқсап бой түзедік біздер де,
Бір өзіңнен кісілікті үйрендік.

Арманымыз Алатауға жақындап,
Намысымыз найзағайдай шатырлап,
Саған ұқсап күрестерде Жеңіспен
Туған жерге қайттық талай лапылдап.

От боп жанып өртенумен ызғарда,
Лапылдадық, арманымыз мұздарда.
Сүйсек егер құлай сүйіп мәңгіге,
Өзің құсап ғашық болдық қыздарға.

Жұмбағы мол тіршілікте астарлы,
Сәтсіздіктер қаптағанда аспанды,
Досымызды өзің құсап аялап,
Өзің құсап қастерледік қастарды ...

Сөйтіп біз де озық шәкірт аттанып,
Ұшқан құстай оңтүстікке бет алып,
Тобымызбен кете бардық қалықтап,
Сәке, сенің жүрегіңнен от алып.

...бала-шаға, кәрі-жасы қалмастан,
Елуіңді ел тойлауды талмастан.
Кілемде емес, күресінде өмірдің
Жеңілмеуді бізге үйреткен Марқасқам!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екінші лебіз өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Екінші лебіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екінші лебіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екінші лебіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері