Ұлы ақын – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Ұлы ақын» атты Баубек Бұлқышев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 05.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2127
Ақсұңқар алтын топшы жерге құлап,
Талпынбай, торға түсіп жатты сұлап.
Өр кеуде еркіншілік жол іздеген
Тұра алмай ұлы өмірге түптеп шыдап.
Зарланып жатты ардагер қаны қайнап,
Күйініп екі көзі оттай жайнап.
Жауға оқ, досына бал шешен тілін
Шерте алмай, торға оралды сұңқар зарлап.
Ағарған алтын таңға қиялданған,
Сондықтан ұлы өмірге сыя алмаған.
Ақсұңқар, торға түскен Тарас сенің!
Ардагер, асқан ақын, асқар қыран,
Ақын Тарас, құлақта сенін үнің,
Бағаланды елімде сенің жырың.
Алтынменен атыңды әшекейлеп,
Тарихқа «Ұлы ақын» деп жаздық бүгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері