Жамбылға – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Жамбылға» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2822
Алтын ғасыр Гомері Жамбыл ақын,
Сен ақынсың, ардақтап сүйген халқың.
Сен ақынсың, көсемге теңеу тапқан
Келтіріп тіл өрнегін, сөздің салтын.
Жасың — қарт, рухың — жас, жырың — бұлақ,
Тілің — бал, тыңдағандай қанбай құлақ.
Кеудеңнен күй сандығы әнге басад,
Егерде қояр болсаң кілтін бұрып. •
Жүлде алған Кремльден өрен жүйрік
Ән салған тәтті үнмен тілді үйіріп.
Қол соғад ұрпақтарын орденіңе
Құттықтап, қошеметтеп сені сүйіп.

1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері