Өтер уақыт, замандар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өтер уақыт, замандар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 786
Өтер уақыт, замандар,
Ұмытылмас қимас ән.
Мен ғашық болған адамдар,
Орман болар, жинасам...
Самал мені сүйе бер,
Арасынан ағаштың.
Шаршағанда сүйенер,
Еменімнен адастым.
Тонады бәрін ұры күз,
Түсіңе енер өлең қыз.
Бірімізге біріміз,
Әлі «жұмбақ» әлембіз.
Шертші сәулем, шекті үзбей,
Пернені бас, ақырын.
Бөлген талтүс... жеткізбей,
Арада алпыс шақырым...
Ғұмыр кештім ғасырлық,
Алдымда арман, ақ таңым.
Шағып жақтым, шашу ғып,
Жолға жүрек шақпағын...
Көре білу, өмір бір,
Көрмей жүрміз тек сені.
Көңілменен көгілдір –
Көкжиектің жоқ шегі.
Күнім батса, айым бар,
Айды ағызар, басқа арна.
Қанат қағар қайыңдар –
Ұшқысы кеп аспанға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері