Налып келдің соншалық, тұнжырадың – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Налып келдің соншалық, тұнжырадың» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 5064
Налып келдің соншалық, тұнжырадың
өсегімен біреулердің.
Мен де өзіңмен қосыла қынжыламын,
мұндайда жүдеулеумін.
Қабағыңнан -
менен артып жан ұққан ба! -
іздеймін күлкі таңын.
Табынарым - сен бүлай жабыққанда,
мен кімді пір тұтамын...
Жақсылықтың бәрінен түңілмеші
бір-екі жаман үшін.
Қайғы қылдың, жаным-ау, мұның несін,
болмаса жалаң ісің?!
Түңілер сәт шындықтан өтер кенде,
өшетін үміт, сенім...
Бірақ өмір шарт мінез. Көтермейді
күйректігін жігіттердің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері