Өлең, жыр, ақындар

Романс

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 732
Пернемнен кейде шаттық күй жатса таралып,
Ойлама сен, шықты-ау деп ол жүректен;
Зындан бар, терең, жүректе мынау жаралы,
Құпия сырды құлыпқа сап түнеткен.
Бетімнен менің оттан бір ыстық жас ақса,
Ойлама сен, шықты-ау деп ол жүректен:
Алданған жүрек ішінде нені сақтаса,
Өзімен ол бірге өлген, бір өткен.
Кеудемнен сол бір іздеуші болма аяныш,
Үмітшіл жан, өзің ойла бас қамын;
Өз қасіретім өзіме жайы аян іс,
Қайтемін мен қайғы-зарын басқаның.
Өлсе егер бір қыз, жанарын, мұздап, тоқтаған,
Еш болмайды маған әсте көруге;
Еске алар болсам, еске алар нәрсе кеп маған,
Еске алуды жек көремін өмірде!
Толқынды дауыл сапырып көкке жатқанда,
Сақ-сақ күліп қалтылдаған қайыққа,
Жете алмай елге, жүзуші кері қайтқанда,
Жаны жылап, өкініші айықпай,
Жадымыз қоймас, көкіректегі ah ұрар,
Өткен күннің қанды елесін оятпай,
Алыста қалған мекенге ол тағы шақырар,
Теңіздегі көзді арбаған маяктай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жақпар

  • 0
  • 0

Бір күні бұла бұлт келіп
Түнеді жақпар өрінде;
Таң ата кетті ол сырт беріп
Ойнақтап зеңгір төрінде.

Толық

Таусылса демім ақырғы

  • 0
  • 0

Таусылса демім ақырғы
Ғайыптан түнек тап болар,
Шыбындай жаны ақынның,
Бақиға мәңгі аттанар;

Толық

Бородино

  • 0
  • 0

"Айтыңызшы, маған, ағай,
Бермепті ғой французға жай
Өрт ұйпаған Москваны.
Болыпты ғой қырғын майдан,

Толық

Қарап көріңіз