Өлең, жыр, ақындар

Тау баурайында

  • 27.09.2021
  • 0
  • 1
  • 1113
Көкірегімнен қуат сездім сұрапыл —
ақ көз-бұлақ, ақтарылмай тұра тұр.
Тасқын алса жер мен көктің арасын
Міз бақпаған қасиетті қара шың,
Қалтырарсың сен де, ғажап гүрілмен
көк тасқыным өткен шақта түбіңнен.
Ей, қара емен, ток ұрғандай дірілде —
Сенің дағы бір шайқалар ұлы іргең.
Әр бұтаны бір оятып жүгірген
күздің желі, сен де тоқта,
бүгін мен,
шабыт буып, байланбаса тіл егер
Көрсетпек ем бір өнер.
Ей, қап-қара, қап-қара,
Сен де тоқта, қап-қара бұлт, қаптама.
Бір таң қалсын дала жұрты,
тау елі —
нөсерімді мен төгейін әуелі!
Жел тоқтады демін ішке ап бір түрлі,
Қарғып шықты, аспанға бұлт күркірлі,
Зевс құдай шағып еді шақпағын —
Медеу сайын шаң қаптады қап-қалың.
Күтір етіп бір қозғалған қара шың —
құйын алды жер мен көктің арасын.
Аунап кетіп ақ шыңдардың мұз-қары
қара еменді қағып жықты ызғары.
Желге қарап жалаң төспен жаздағы,
аз, аз дедім ерегесіп, аз бәрі —
Құздан төмен құлдыраған бір қой-тас
талма түсте тапап кете жаздады.
Желеңімді жұлып кетті жел-нөсер
жігерімді жығып кетті белдесер.
Кім бар, кім бар енді көңіл делбесер —
Кешірімің жоқ екен-ау емге етер,
Хақ-тағала, мен де есер ем, сен де есер,
Мен болдым ба жауың қылыш сермесер?!
Мұзды жарып ақты тасқын, қар тұрмақ,
ауық-ауық ақ жалдары жарқылдап,
Жетім сөздің жел болуы оңай-ақ,
Көңілшектің көл болуы оңай-ақ;
бір періште жылап тұрды мені аяп.
Ал, сай жақта тас кеміріп, жар тырнап
бір ібіліс күліп жатты қарқылдап...



Пікірлер (1)

Шонбай

Жұмекен Нәжімеденовтің «Тау баурайында» — табиғаттың күшті көрінісі мен адамның ішкі толғанысын айшықтайтын ерекше поэтикалық шығарма. Тау баурайындағы сұрапыл жел, бұлтпен тұнған аспан мен тасқын толқын бейнелері арқылы ақын оқырманға табиғат пен адам арасындағы рухани байланыс туралы ой салады. Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов табиғаттың жасырын сырлары мен адам сезімі арасындағы үйлесімділікті көркем тілмен жеткізеді, оқырманға табиғат сұлулығы мен қиын рухани толғанысты бірге сезінуге мүмкіндік береді.

Өлеңнің көркемдік бейнелері мен эмоционалды толғаныстары қазақ поэзиясының бай рухани дәстүрін көрсетеді. Таудың баурайында тұрып жатқан табиғат күштері мен адам жүрегінің үнінің үндесуі осы шығармада ерекше әсерлі көрінеді, әрі оқырманды терең ойға жетелейді.

Мен бұл өлеңді оқып, табиғаттың сұлулығы мен адам сезімінің үйлесімін терең сезіндім — Жұмекен Нәжімеденовтің поэзиясы қазақ әдебиетін бағалайтын оқырмандарға рухани байлық сыйлайды.

Пікір қалдырыңыз

Мұздыбай қарт

  • 0
  • 0

Қара еменнің басына мұздақ тұрып қалыпты —
күн көзінде сол мұздақ құбылып тұр, жанып тұр.
Табиғат — бай, мұзы да көп қырлы ғой, көп қырлы,
мұзға қарап көп қырлы Мұздыбай қарт жөткірді.

Толық

Ат арба

  • 0
  • 0

Омырауына қамыт батқан,
келеді ол
тер орнына бу атады денеден.
Қорлық, бейнет қазына болса — қазып ал!

Толық

Көкжиектен көтерді күн кірпігін...

  • 0
  • 0

Көкжиектен көтерді күн кірпігін.
Ерке сұлу күле оянды құрбысы-ау.
Шәлі-бұлттың мойнына іліп жыртығын
Күн сәулесін қабыл алып тұрды тау.

Толық

Қарап көріңіз