Тасқын – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Тасқын» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 637
Іңкәрға толы тұмамын,
Ғажайып және телегей;
Түбімде - күміс құм ағын,
Бетімді шалмас көлегей.
Толқыннан толқын туады,
Шаяды құмды, қуады,
Айдынның үсті - нұр аспан
Ақ торқа бұлты жарасқан.
Өмірден туып ол бұлақ,
Суалар бірге өмірмен;
Бірде құр-бірде мол бұлақ, -
Бәрібір ыстық көрінген;
Жан тыныш деген жарты ырыс;
Мендегі бірақ бар тыныс
Жан тыныш емес, әрдайым
Аңсайды ләззат, зар уайым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері