Бас ақыны қазақтың (Абай Құнанбаевқа арнау) – Аяулым Тілеуқабыл

Бұл бетте «Бас ақыны қазақтың (Абай Құнанбаевқа арнау)» атты Аяулым Тілеуқабыл жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шығыс жақтан шыққан қазақ мақтаны,
Үлгі тұтар барша қазақ жастары.
Жолыңызды қуған бүгін ұл-қыздар,
Сізге арнап жыр жолдарын бастады.

Абай ата жас ұрпақтың пірісің,
Өлең сөздің таусылмайтын сырысың,
Қазағымның баға жетпес жырысың,
Орны бөлек ақындардың бірісің.

Ғылым таппай мақтанба деп жырладың,
Бес жақсыға үйір бол деп шыңдадың.
Болмасаң да ұқсап бақ деп жақсыға,
Балаларға өлеңіңді арнадың.

Адамдық пен ізгілік, сана-сезім,
Аманат қып қалдырды дана көзің.
Ой салады адамзат баласына,
Қасиетті қазына-қара сөзің.

Жеткізетін қуаныш пен қайғысын,
Абай әні көңіліме жақты,шын.
Жақсы ән мен тәтті күйді тыңдаймын,
Елестетіп қазағымның болмысын.

Абай ата-ғұлама ойдың кемелі,
Абай ата-кестелі сөздің ерені.
Тарихтың тастарына таңба еткен
Көркейткен даналығын көсем сөзі.


Пікірлер (4)

Еркеназ

Күштіғой өлен

Еңлік

Абай

Еңлік

жария

Еңлік

Маған Апайдың өлеңдері ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері