Махамбет (М.Өтемісұлына арнау) – Аяулым Тілеуқабыл

Бұл бетте «Махамбет (М.Өтемісұлына арнау)» атты Аяулым Тілеуқабыл жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жақын тұтты адамдықты, шындықты,
Бойын үрей билемеді, ол-мықты.
Ел-жұртына бола білді жанашыр,
Таптатпады жауға ар мен намысты.

Елі үшін жанын қиды аянбай,
Халқы үшін өзін тыныш қоя алмай.
Исатаймен бастап жүрді қалың қол,
Болашағын ел-жұртының алаңдай.

Елін сүйген, елі сүйген нар тұлға,
Жанын салып жыр жазатын нұр тұлға.
Алтын күннің жарқыраған сәулесі,
Қорған болған ағайынға, жұртына.

Өтемістің ұрпағы ер Махамбет,
Қайсарлығын өр жанның мол үлгі ет.
Ақиқатты ұран қып, ел қорғайтын,
Жастарымның болғаны бір ғанибет.

Қыран бүркіт самғар қазақ көгінде,
Орны берік қазағымның төрінде.
Батыр, ақын, дарынды ер Махамбет
Ұмытылмас мәңгі туған елінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері