Өлең, жыр, ақындар

Жезқазған туралы жыр

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 759
О, Ұлытау, асқарыңнан қараймын,
Әр тасыңда – қазына,
Әр бұтаңда бар айбын.
Сен болыпсың
Бар таулардың көсемi,
Атың солай, аңыз солай деседi.
Тауыңда ұшқан қыранның
Бәрiнен де сұрадым,
Бұлдыр-бұлдыр елестейдi бiрдеңе,
Былдыр-былдыр тiл қатады бұлақтар,
Таңданғандай тербеледi құрақтар.
Үндемейдi обалар,
Сөйлемейдi мазарлар.
Ойдым-ойдым ойды көрiп, көз тiгем
Тұлпарлардың қазған ба деп тұяғы.
Алмас қылыш жүзiндей
Осы жердiң қияғы.
Бала бүркiт қанатымен бұлт жарып,
Бұлбұлың да сайрайды екен биiкте.
Бота көздi жануарлар айтар деп,
Жаутаңдаймын киiкке.
Желмаялар жұрағаты –
Түйелерден сұрасам,
Деген оймен қыр асам,
Шудалары желбiреп,
Үндемейдi олар да,
Тостаған көзi мөлдiреп.
Шыңдар, шыңдар
Жеткiзбейдi мұнартып,
Қайта-қайта қарай берем құмартып.
Беғазы мен Ақшоқы –
Осы өлкеде сөйлеп тұрған тарих.
Осы таулар сияқты
Ұлылықты көтерсе ғой әр иық.
Бiр сөзбенен айтып кетсем аз болар,
Жырлап жатыр
тасқа түскен жазбалар.
Не деген бұл сөйлемдер,
не деген бұл әрiптер,
Талай ұрпақ көненiң
бұл жазбасын дәрiптер.
Бұл таулардың шежiресi бай тiптi,
Өнерiмен еткен баба
мергендiгiн де айтыпты.
Өткен күндер кешегi
Көз алдымнан ғасырлар боп көшеді.
Құзар шыңның басынан
Бiр салқын жел еседi,
Көңiлiмдегi көп ойларды көседi.
Көз алдымда дала бар,
Көз алдымда – бабалар.
Үндемейдi Ұлытау,
Үндемеу де – ұлылық!
Осы сөздiң өзiнде
жатыр қанша жылылық.
Атам заман басында-ақ
Аян бопсың әлемге.
Көреген мен көрiпкел
Көз тiгiптi әр елде.
Қола дәуiр кезiнде
Сенен мысты алыпты.
Тарих с
олай таныған
Қазақ деген халықты.
Қариялар сөзi де,
Көне заман өзi де –
Аңыз бенен ертегi,
Бәрі осылай шертедi.
Көз алдымда дала бар,
Көз алдымда – бабалар.
Олар бiзге қалдырмаған тәспiсiн,
Мыңдаған жыл өмiрi бар
қалдырыпты тас мүсiн.
Болса-дағы қанша ғасыр, қай заман,
Жатыр бәрi – көшкен жұрты,
жерошағы, тайқазан.
Көзе, сауыт, көне өнер,
Көне пештi көремiн.
Соның бәрiн сақтаған
Мына менiң ер елiм!
Ежелгi менiң жерiмде,
Арқаның асу белiнде
Нелер бiр қилы күн еткен.
Өнерi бар бұл дала
Арылмаған түнектен.
Солай дейдi домбыраның шегi де,
Елдiк туын көтерiп,
Еңiреп өткен Едiге.
Бағы-бағы заманда
Терiс аққан өзендер,
Көп өтiптi бұл жерден
Жортуылды кезеңдер.
Басқа түскен
Тұрмыстың да ауыры,
Қызықтырған талайды
Сарыарқаның сауыры.
Қорған болған –
Оның әрбiр ауылы.
Кегi болып буырқанған дауылы,
Көз жасы боп төгiлген
Толассыз ақ жауыны.
...Бiр шетiнде түстi металл алқасы –
Асқақтап тұр көк айдынды Балқашы.
Коңырат пен Саяғы
бар байлығын жаяды.
Жәйремнiң де жұртқа қанық атағы,
Құба жонда ерлiк туып жатады.
Күнде жаңа кенiш орны қазылып,
Жатыр бүгiн
Жезқазғанның шежiресi жазылып.
Көп қазына бар мұнда
Менделеев таппаған.
Соның бәрiн сары далам
Бүгiнгiге сақтаған.
Бұл даламның бағы бар,
Темiртаудың қоймасы –
Қаражалым тағы бар.
Қой жаятын тауымнан
Соның бәрi табылар.
Ойлап тұрсам, жерiмде
Кереметтер көп екен.
Космосқа да бұл дала
Жақын тұрған жол екен.
Ақыным да – Байқоңыр,
Батырым да – Байқоңыр.
Адам бүгiн бар әлемде
Әр ғылымға жол ше
гер.
Таңданбаймыз
Жезқазғанның жұмысшысы
Академик болса егер.
Көрсең егер
Кеуделерi жарқыраған шопанды,
Соның көбi
Еңбек Ерi атанды.
Қазақстан даласынан
Күннiң өзi жол шегедi үш сағат
Осы жерден ұшуға
талады екен құс қанат.
Сол кеңдiктiң
бiрi болар осы өлке,
Балқаш пенен Жезқазған –
Түстi металл әлемiнде қос ерке.
Құлпырады осы аймақ
Ғасырлармен таласа,
Болашақты болжап тұрып,
Қуанасың балаша.
Аспанымда күн күлiп, ай туады,
Игерiлер алда да бай тың әлi.
Бүгiнгi сөз Балқаш боп, Жезқазған боп,
Бүгiнгi жыр Жәйрем боп айтылады.
Қасиеттi, бұл дала қазыналы
Талай-талай ғасырға азық әлi.
Дастандарың бүгiннен басталғанмен,
Эпопеяң тағы да жазылады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егерде...

  • 0
  • 0

Қыз – Көкше, құмартады аспан күліп,
Берер ме ең биiгiңе басқанға үмiт.
Егерде Сәкенiңдей ақын болсам,
Мен-дағы жазар едiм дастан қылып.

Толық

Кексе ақынмен әңгіме

  • 0
  • 0

Ақындар көп сымбатты,
Әрқилы тек өресі.
Өлеңдерге сын қатты,
Уақыт бар төреші.

Толық

Бәйге ме?..

  • 0
  • 0

Бәйге ме?..
Құнаным бар қосылмаған,
Ол түгіл, қара жарыс тосын маған.
Білмеймін, аяңына қарап тұрып,

Толық

Қарап көріңіз