Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына!

Бұл бетте «Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына!» атты   жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күндей боп жарқырайды күмбез аспан,
Елім менің ерлеріне құшақ ашқан.
Бертіндегі Қайрат, Ләззат, Сабира...
Тарихы алтын әріппен нұрын шашқан.

Тәуелсіздік – қан мен жанды тірегім,
Сен бар жерде балдай ғұмыр сүремін.
Сен күйзелсең, мен де бірге құлазып,
Тыным таппас жұдырықтай жүрегім.

Тәуелсіздік, мен өзіңе қарайладым,
Жүрегімде мәңгілік арайладың.
Алтынға айырбастамас Қасиеттім,
Өлең-жырмен өзіңді аймаладым.

Жоғарыға қарадым – ашық аспан,
Тауларыма қарадым – алдараспан.
Шөптеріме қарадым – адыраспан,
Адамдарға қарадым – жадырасқан.

Аңдасам, мекенімді ойға бағып,
Кең далам алтын дәнді бойға жақұт.
Көп ұлтпен бірлігіміз жарасқан ел,
Қазақстанда туылу қандай бақыт!

Ата-бабаңның істеріне шірен үн,
Егемендікті аса нығайт, қыл елін.
“Білекті бірді, білімді мыңды жығар”,
Шәкірттеріммен туды шыңға тігемін.

Отаным оттан ыстық жерім менің,
Жолыңда гүлің болып егілемін.
Сүйкімді туған жердің торғайы да
Жасай бергін, Тәуелсіз елім менің!

Әлемде жүр қаншама ел құлдығымен,
Бақ берді Алла, тәтті сый, шындығымен.
Шын жүректен елімді құттықтаймын,
Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен!

Авторы: Алматы қаласы Наурызбай ауданы
№187 ЖББМ, педагог-ұстаз Нұрсұлтан ӘМІРБЕК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына! өлеңінің авторы кім?

  — осы өлеңнің авторы.

Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері