Өлең, жыр, ақындар

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

  • admin
  • 21.09.2024
  • 0
  • 0
  • 204
Қазақтың көне жерінде,
Асқар тау, бұйрат белінде,
Айдаһар өмір сүріпті.
Күшсізді талай жалмапты,
Тіссізді талай қандапты…
Патша боп, көп жыл тұрыпты.
Жылдардан жылдар өткенде,
Кәрілік жылжып жеткенде,
Қайраты қайтып бұрынғы,
Айдаһар дертке ұрынды.
Айдаһар еттен арылды,
Тынысы әбден тарылды,
Көзден от, беттен сән кетті,
Кеудеден қуат, әл кетті…
Нөкерлер сасып, сабылды,
Не істерін білмей, аңырды.
Адырдың арты жар еді,
Қу Түлкі сонда бар еді.
Кей дертті емдеп жазатын,
Өнері ептеп болатын.
Нөкерлер соған ағылды,
Түлкіге барып жалынды.
Ауруға түлкі келеді,
Тамырын ұстап көреді.
Не қилы әдіс қылады,
Сан дәріні сынады.

– Тәтті қан іздеп тапсаңыз,
Жазылар, – деді, – патшамыз.
Айнала жұртқа қарады:
– Кім іздеп, дәру табады?
Бізтұмсық Маса бар еді,
Ішкені ылғи қан еді,
Шағуға шебер болатын,
Қадалып қанды соратын.
Келместен сөзге ол енді
Шөлмегін алып жөнелді.
Масадай малғұн зұлымға

Жамандық жасау қиын ба?!
Әуелі шағып Елікті,
Қанынан татып, жеріпті.
Еті арам, жасық десек те,
Жабысты Маса Есекке.
«Бесікте жатқан нәресте –
Жылы-жұмсақ емес пе?!»
Деген бір арам ой келді,
Не болмақ дүние, ойла енді.

Келді де шақты баланы,
Шырылдап бала қалады.
Осынау маңды мекендеп,
«Жақсылық қайтсем етем» деп,
Зұлымдыққа қаны қас
Жүретін бір Қарлығаш.
Жөнелді іздеп Масаны,
Қырлардан қырға асады.

Шарлады көкті көлбеген,
Жарысты жүйрік желменен.
Айдаһарға жеткізбей,
Тиісті емін еткізбей,
Масаны қуып жетеді,
Айқасқа түсіп кетеді.
Алыспай өлмек қайда бар?

Алас ұрған Айдаһар
Болдырмаған бұйрығын,
Қарлығаштың құйрығын
Жартылай жұлып алыпты,
Айыр боп содан қалыпты.
Содан бері Қарлығаш

Болса да нәзік, талдырмаш,
Аман-сау сақтап халықты,
Адамды қорғап қалыпты.
Содан бері Қарлығаш
Болса да нәзік, талдырмаш,
Адал досы адамның,
Аты туған баланың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан

  • 0
  • 11

Отаным менин казакстан
Мангилик сенимен мактанам
Саянда журсем ардайым
Кулимдеп журем бак табам

Толық

Қарттарым

  • 0
  • 0

Қарыштаған мына қоғам заманда,
Қазына мен байлық керек адамға.
Қарапайым құндылықты байқамай
Қаржы төгіп ұрынады жаманға.

Толық

Ө

  • 0
  • 1

Ggcgc

Толық

Қарап көріңіз