Өлең, жыр, ақындар

Абақтыдағы Әлиханның сөзі

Ей, дүние, жемтігісің арамның,
Тек ұлтымның тағдырына алаңмын.
Осы жолда құмға айналып жігерім,
Қап-қараңғы тар қапасқа қамалдым.
Ұлтты сатып, қашқан жоқпын жыраққа,
Сабыр болса төземін ғой, сынаққа.
Тұсаулы аяқ, қолда кісен болғанмен
Тілімді ешкім байлай алмас бірақта.
Кінәм бе екен Автономия құрғаным,
Өз ұлтымды түзу жолға бұрғаным.
Қазағым-ай мен-ақ бола салайын
Осы жеңіс жолындағы құрбаның
Маңдайыма жабысты кеп сор қалың,
Кінәм бе екен қазақ жайын шолғаным.
Бұқаралық ақпараттың күшімен
Қазақ рухын қайта оятпақ болғаным.
Мен тектімін, намысты едім көнеден,
Себебі оның қазақ деген өр ел ем.
Билігінен аластатты үкімет
Ата тегім тараса да төреден.
Менің ұлттық намысыма төнген кім?
Іште соры қайнаған ер ол менмін.
Сол бір "Қайран үндеуіне" қол қойып
Құқығымның әлсіздігін көргенмін.
Суығын-ай мына тап-тар бөлемнің.
Шықсадағы көкейімнен азалы үн,
Тартсамдағы бұл жалғанның азабын.
Көк бөрідей қыңқ етпейтін намысты,
Мен өлсемде өле қоймас қазағым!



Пікірлер (1)

Модератор

Авторы өзім дегенді басу керек.

Пікір қалдырыңыз

Міржақып Дулатов

  • 0
  • 0

Халық жауы деп, айып тағылды ғой,
Халық бірақ Дулатовты қорғады ғой.
Тарихтағы 300 беттік кітапты да,
Ең алғаш Дулатов жазды ғой!

Толық

ТУҒАН ЖЕРІМ-СЫР ЕЛІ

  • 1
  • 8

Туған жерім бас иемін өзіңе,
Мақтанамын туғаныма өзіңде.
Құндылығы ешнәрсеге жетпейтін
Сыр жеріне жетер жер жоқ әлемде.

Толық

көңіл)

  • 0
  • 0

Қызық екен, мұндай күйлер кешкенім,
Өз ойымнан сіздің ойға көшкенім.
Мен ерекше көңіл күйге түстімғой,
Осындайда байқалады өскенім.

Толық

Қарап көріңіз