Құдайым, талап берген, бақ бермеген

Бұл бетте «Құдайым, талап берген, бақ бермеген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 646
Құдайым, талап берген, бақ бермеген,
Арғымақ ырғып тұрды ақ кермеден.
Маралтай тірісінде жүрді есікте,
Топастар уәж жолдаса қақ төрменен.
Құбылып қырық өлең қырық күнде,
Тотықұс түрленгендей тұрып мүлде.
Жаудырап жаухар тасқа айналады ол,
Қанатын қырықпадың не, қырықтың не?
Сұм заман ақымақтың асы болған,
Домалап түу-у төбеге тасы барған.
Керек деп алтын қайық арбасуға,
Бұл өмір долы өзен боп тасып алған.
Шиырып шарға салған тас болатты,
Жасындар жалт етті де, жас боп ақты.
Құрбақа арумын деп көз арбайды,
Күймеге айналдырып асқабақты.
Қалбаңдап қара бауыр қасқалдағым,
Қарлықты шындық іздеп машқардағы үн.
Серіліктің қайда қалды сеңсең тоны,
Ей, менің қара бешпент, ақ шалбарым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдайым, талап берген, бақ бермеген өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Құдайым, талап берген, бақ бермеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдайым, талап берген, бақ бермеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдайым, талап берген, бақ бермеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері