Маусым келе жатыр – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Маусым келе жатыр» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 745
Маусым келе жатыр,
Жаз әуенін айтып,
Даусын кенеп жатыр.
Жапырақтар көктеп,
Бүршік ашам дей ме,
Ырғалады ептеп.
Жарқырайды ай да,
Қолындағы қыздың
Секілді бір айна.
Күлімдеді күн де,
Сары қауыз ашқан
Ұқсап кетіп гүлге.
Неткен ғажап ғалам,
Таңда жаңбыр жауса,
Жарқырайды алаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері