Өлең, жыр, ақындар

Күмбірлейді домбыра

  • admin
  • 01.01.2025
  • 0
  • 0
  • 520
Күмбірлейді домбыра,
Қозғап Бетпақдаланы.
Басқа дыбыс жоқ, сірә,
Еліктірер сананы.
Екі ішек, сыр білгейсің,
Мұңын шағар ақ сағым.
Кімді көксеп жүр дейсің,
Жез қанатты аңсадым.
Жолға қара, сөз күйік,
Есем – ақын қиялы.
Сыңғыр қақты жезкиік
Қырда алтын тұяғы.
Әне, сонда қосылды
Күй мен тұяқ хабары.
Дүрсілін жүрек өсірді,
Жарқ етті киік жанары.

17.04.2002



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Домбыра

  • 0
  • 0

Домбыра
Дүлдүл досым тірлікті бірге кешкен,
Үздігемін үніңе сыр бөліскен.
Кәкімбек Салықов

Толық

Фариза, сен қызықсың...

  • 0
  • 0

Фариза, сен қызықсың... боянбайсың,
Жасырып жас мөлшерін қоя алмайсың.
Ақын қыз, атың Айға жетсе-дағы,
Кәкімбек Салықов

Толық

Осы жұрт Шарбақкөлді біле ме екен?

  • 0
  • 0

Сұлу жер Омбыдағы Шарбақкөлім,
Сәт сапар бір көруге арнап та едім.
Мың алғыс атақты інім Жәнібекке,
Ойымды тапты әдейілеп бармақ менің.

Толық