Саған – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Саған» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 831
Күптей ісіндің,
Кемеріңе сыймай
Тасындың.
Иманнан безіп,
Шайтанға бас ұрдың.
Ешкімді көзге ілмей
Басындың.
Ашындым!
Бойыңдағы
Күл- қоқысыңды
Бұрқыратып шаштың.
Өзіңді тонап,
Өзіңді ұрладың.
Жұрттың
Жанын жаралап
Арын былғадың.
Ұяттан безген
Неткен өктем ең,
Сондықтан мен сені—
Үстіме! –
Жұлдыздардан шашу шашып,–
Алдыма! –
Айдың күміс табағымен
Бас тартсаң да
Жек көрем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері