Ауыл қызы шақырады сәлемі – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ауыл қызы шақырады сәлемі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкейімде жүреді Абай әуені,
Неткен ғажап, неткен азап әдемі?!
Көптен бері көрмей жүрген, алыстан
Ауыл қызы шақырады сәлемі.
Мен «Көзімнің қарасына» басамын,
Көңілашар қауламайды жас ағын.
Балқып-толқып ұлы ұстаз әнімен,
Махаббаттың жабық сырын ашамын.
Шырқай берем сұрамай-ақ рұқсат,
Сәл баяулап алу да жоқ тыныстап.
Осындайда шыға келші алдымнан,
Екі беттен бір сүйейін дұрыстап.

04.09.2007.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері