Бұл бетте «Тынбайды жүрек алқынып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тынбайды жүрек алқынып,
Қай жаққа барып жай табам,
келгендей маған жалқы жұт.
назымды кімге айта алам?
Шағала көңіл шарқ ұрып,
іздейді сені қайтадан.
Найзағай-ашу ноқталап,
булығып жаттым мен бес күн,
қажеті жоқтай енді ешкім,
жанары - тылсым, от қабақ
жасынмен жалғаз белдестім.
Айналып түссін аспаным -
көрмеймін енді деп сені,
көзімді аштырмай кек селі,
тулайды тәнде жас қаным,
жалынды жалғыз кешкелі.
Көміліп жаттым жас, мұңға,
сезбеймін - түс пе, кеш пе еді...
самал боп үміт еспеді,
қайықтай жойқын тасқында
быт-шыт боп қалған ескегі.
Ерке
Фариза-жырлар мәңгі өлмейді. Асқақ, сыршыл, мұңды, жаныңды тербейді. қай-қайдағы өшкен үміттерді тұтатып, көңіл түкпіріндегі аяулы асылыңда қозғайды. Мен оның өлеңдеріне мәңгі ғашық боп өтем.
Мерей
өй де