Өлең, жыр, ақындар

Уақыт озар, уақыттан кешікпеген

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 524
Уақыт озар, уақыттан кешікпеген,
Кешікпеген ғарышқа «көшіпті өлең».
Мен дүниеге келгеннен бері қарай,
Көздің жасын үн-түнсіз кешіп келем.
Бұлақтарым құраққа сыр ақтарды,
Кешім батты күтумен жұмақ таңды.
Табындырған бір кезгі тас құдайлар
Табанымның астына құлап қалды...
Күндес - өмір, құрысын күндес өлең,
Түтін салып жұртыңнан күл көсеген.
Жерде жан жоқ... ақ аспан сенен басқа,
Арызымды кімге айтам, кімге сенем?
Аспан мен жер, кім сені некелеткен?
Жете алмаспын жауабын жетелеп мен.
Қыбырлаған тіршілік, құмырсқамен –
Адамзаттың тәңірі бір-ақ тәңір.
Көз алдымнан өтеді күн кешегі,
Күнді ойласам... көңілім мұң кешеді.
Ақ қайыңның «жүрегі» жапырақпен,
Жапырағы жанымның үндеседі.
Сенім кеткен... сенейін кімге тағы,
«Мен келем» - деп ертеңім тіл қатады.
Көргенінен ұялып күні бойғы.
Көкжиекке қызарып Күн батады.
Аспан-жерге қарайсың қабақ түйіп,
Қасіреттен қалғандай қанат күйіп.
Есін енді жиғандай масаң ұрпақ –
Бабасының басына шарап құйып...
Қойма маған бүгінім, көп сұрақты,
Бабам түске еніп жүр ақсұр атты.
Арпалыспен армандап, мен алатын –
Жер бетінде ештеңе жоқ сияқты...
Өткен жастық, көктемім еліктеткен,
Мазалап жүр түсіме еніп көптен.
Мені тастап соңына қимастарым –
Жер бетіне қонақ боп келіп, кеткен.
Келіп, кеткен қайыңның жапырағы,
Бұрқыратып сезімді сапырады.
Талдың шаңын жуғанмен тамшы жаңбыр,
Жанның шаңын жуа алмай жатыр әлі...
Өмір-теңіз... толқынын тіліп кеме,
Дауыл сырын, жел үнін біліп келем.
Жер төінде жанбаған жыр жұлдызым,
Көк төсінен жанар деп үміттенем...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бала алдында көрінеміз баладай

  • 0
  • 0

Бала алдында көрінеміз баладай,
(Үлкеннің бәрі бола да бермес, дана Абай).
Ашықтырмай мәңгілік жатқан асырап,
Жер деген ұлы жаны бар ортақ анадай.

Толық

Көпір

  • 0
  • 0

Ескі көпір, жағалауды жалғаған,
Сықыр-сықыр, ойбай салып, зарлаған.
Өтіп кетіп барады өмір үстінде,
Таңба болып, кімнің ізі қалмаған.

Толық

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген

  • 0
  • 0

Бір күлкім бұл, ернімнен төгілмеген,
Бір жарқыл бұл, көзімнен көрінбеген.
Бір гүлін көңілімнің келдім сақтап,
Жолықпай жүрген жанға өмірде мен.

Толық