Өлең, жыр, ақындар

Ұйқастар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 949
Ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен
тұңғиық түпсiз тереңнен,
теңiзден долы толқынын атқан кемерден,
аспаннан мынау құстарын тартқан төбемнен.
ғаламат сиқыр дауысты
сөйлейiн деп бiр өлеңмен
ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен.
Ұйқастар iздеп ұйқасып кетем бәрiмен,
көлiмен,
тауы,
желiмен;
әуенi,
сазы,
әнiмен!
Жетпестен қалса сөздердiң егер қуаты
ұйқасып кетем
жүректiң дүрсiлдерiмен.
Ұйқасам деп мен найзағайлармен айқасам,
ұйқасам деп мен дауылдарменен шайқасам.
Керек боп жатса мен тiптi
темiрлермен де ұйқасам,
терминдермен де ұйқасам.
Ұйқасып кетем шулы бiр ұлы дүрмекпен,
ұйқасып кетер менiмен мынау нұр көктем.
Кей кезде бұрап ұйқасын бұзам сөздердiң
өмiрдiң iшкi ұйқасы
үзiлiп кетпесiн деп мен,
бұзылып кетпесiн деп мен.
Көргем жоқ әлi шекелеп қарап ойқастап,
жаралған жанмын жарқ етiп жанар жайтастай.
Өтемiн мынау өмiрден
мағына,
жаны,
мәнi жоқ;
бояуы
қаны,
әрi жоқ
ұйқастарменен ұйқаспай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн, қысқы бақ ішінде

  • 0
  • 0

Келiп едiм күн нұры батқан шақта,
Манаурап маужыраған бақтар жаққа,
Кеңiстiкте iлiнiп қалатындай
Жауып жатыр аспаннан аппақ мақта.

Толық

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы

  • 0
  • 0

Алатау батыр басына
Дәрмені құрып,
Кенезесі кеуіп
Шөлдеп келгендер

Толық

Қалай?

  • 0
  • 0

Тұлпарларым
Кермелерде
Тықыршып тұра алмайтын;
Сұңқарларым

Толық