Мұз құрсапты бiр сөздi! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мұз құрсапты бiр сөздi!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 614
Мұз құрсапты бiр сөздi!
Мүлде өлдiге телiген
алсын қайта танып ел –
жүрегiмнiң демiмен
жылытайын оны мен.
Мұзы ерiп кеткесiн
шөп боп қайта көктесiн.
Оқ тиiптi бiр сөзге!
Қайта ұшсын деп қияға
күн-түн ұйқы көрмейiн –
кеудемдегi ұяға
салып оны тербейiн,
бәйек болып емдейiн.
Әнге бөлеп қырқасын
бозторғай боп шырқасын.
Тот басыпты бiр сөздi!
Сөзге барлық жерiк пе ем?
Оны да ендi алайын!
Қыздырып ап көрiкке
төске салып соғайын.
Тоттан мүлде арылсын
қоңырау болып қағылсын.
Шаң басыпты бiр сөздi!
Бетiне сап дәптердiң
оны сiлкiп қағайын,
жаңбырына көктемнiң
шомылдырып алайын.
Шаң-тозаңнан арылсын
шам боп қайта жағылсын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері