Көгершіндерім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көгершіндерім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1878
Көгершіндер, көгершіндер көп менде,
келеді олар сағындырып көктемде.
Көк жүзінде қалықтайды қуанып,
самал желпіп, күннің нұры өбкенде.
Олар солай қалықтаса, қуанам,
ұя салам, жем беремін, суарам.
Мен секілді күн шуағын сүйетін
тимесе екен достарыма бір адам.
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері