Үзінді – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Үзінді» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 683
Жас арудың көкірегін,
тұнжыр көз бен от реңін,
қайдан көрді есер жүрек –
жігіт тұрды есеңгіреп.
Жас қырандай шыңға қонып,
жанары ойлы мұңға бөгіп
Қадалады түнгі айдынға,
желкендер жүр тынбай мұнда;
толқындар боз, жаға күңгірт,
бұлттар да жай барады ілбіп...
Отыр бәрін көріп-біліп,
уақыт өтпей зеріктіріп.
Ақ желкеннің (оған әлгі)
бұған бірі жоламайды;
сылаң етіп, сананы алдап,
өте шығар ағараңдап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері