Кім не береді? – Жарасқан Әбдіраш

Бұл бетте «Кім не береді?» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2019
  • 0
  • 1
  • 5486
Әже келеді,
Көже береді.
Ата келеді,
Бата береді.
Әжем мені «Ботам» дейді,
Атам мені «Жотам» дейді.
Мен әжемнің ботасы болам,
Мен атамның жотасы болам.
Әжемнің көжесін ішем,
Атамның батасын алам!..


Пікірлер (1)

арман

Кім не береді?

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері