Қыспен қоштасу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыспен қоштасу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1903
Кіршік шалмаған ақ қөңілдердей, пәк
көңілдердей ақпанда
балапан бауыр ақ ұлпа қар да ыстық-ау.
Маңайдың бәрін ақ торған шархат жапқанда,
ұйқылы-ояу маужырап қалды қысқы бау…
Шаңғылар зулап,
шаналар зырлап беткейде,
Ойхой, шіркін, жанардан жасты парлатып!
Осындай шақта көңіл бір шырқап кетпей ме,
қияларға сені самғатып!
Далама бүгін далиып бей-жай жатқан кең
көгілдір көктем,
өрім гүл көктем жетті ғой.
Мен сонда мынау ақ сезімімдей ақ қармен
қоштасқым келмей кетті ғой!..
1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері