Тілім әсте келмесе де мен деуге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тілім әсте келмесе де мен деуге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Тілім әсте келмесе де мен деуге,
Алатаудың өрлігі бар кеудемде.
Кең даламдай көңілім бар жаралған
Дархандықтың дариясындай көлбеуге.
Тек асқардың кеудесіне өрлеуге,
Жаралған ол тегіндікпен өлмеуге.
Босағаны місе тұтып көрмеуге,
Ұмтылуға, ылғи ғана төрлеуге.
Жел боп суық жан бетіне келмеуге,
Бірақ намыс қолдан қиып бермеуге.
Шуағы мол ақ шағырмақ жаным бар,
Оттан ұшқын алған мәңгі сөнбеуге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері