Ар кеңесі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ар кеңесі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 614
Өмірге адам келмейді атақ үшін,
Сыпайыға бақыт үн қатады шын.
Лауазымның құлынын, көбейгені,
Жасырмаймын жаныма батады шын.
Азаматсың алдымен айналаңа
Дейді арым ақыным, жай қарама.
Жүк көтерген екенсің ауырсынба,
Қия жерде қаймықпа, тайғанама.
Тайғанасаң, досыңды қайдалама,
Қояйын деп есеппен пайдалана.
Пасықтықпен шыққанша шың басына,
Елеусіз-ақ қал тіпті айдалада.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері