Өлең, жыр, ақындар

Көктем менен май даңқы

  • 21.08.2018
  • 0
  • 1
  • 9165
Көрдім тағы көктемді,
Жылы жүзді жетті жаз.
Жаңа үйімнің төріне
Шұғла шашып, жеріме —
Көктің нұрын төкті жаз.
Далама жастар дән егіп,
Дән еккен дала сәнденіп, —
Етегін түре еңбекке
Елім, жерім болды мәз.
Жаңбыр төгіп аспаным,
Гүл көтеріп бастарын,
Бұлты көшкен тауымның,
Қыран сүйіп асқарын,
Еңбекпенен денесін,
Шынықтырып жастарым —
Көлде жүзді қоңыр қаз,
Тасқындай ағып Іле, Шу
Құстар ұшып ызы-шу
Жасағандай жазға мәз.
Жылқыда бие, құлын-тай
Құйрық атып құландай
Асыр салып иіскелеп,
Мыңғысып дала, мал төлдеп,—
Қоштасты жазбен қысқы аяз.
Жаздың көріп жайнауын —
Менің де жаңа жайлауым, —
Алатаудан қол былғап,
Кел деп шалға сайрандап, —
Құлпырған анау Құлансаз*1
Сұңқардай көңіл талпынып,
Май айында шалқыдық;
Жер жарғандай ұраны,
Елімнің бір думаны
Міне, тағы май келді.
Бұл думанға елімнің
Салтанаты сай келді.
Шықты, тулы ұлдарым —
Самолеті көгінде,
Зеңбірегі жерінде,
Кемесі мұхит төрінде,
Танкісі болат тегінде,
Көрдім, ұлдар құралын.
Мен де бірге сонымен,
Шаттанып жаз нұрымен,
Сталиннің қолымен
Жазылғам заңның жолымен
Жастарға аспан жыр шырқай
Жасара күнде тұрамын.

Мен де бір жас баламын қыңқылым көп,
Сіркем бір су көтермей ыңқылым көп,
Жарқ етіп жанымнан бір өтсейші деп,
Тұрады жас күніме ынтығым кеп.
Құраған жапырағым мен бір терек,
Томар боп сүйектерім қалса керек:
Жазда да жасаң тартпай отырғаным,
Тұр екен қай жерімде шіркін жүрек?!



Пікірлер (1)

Ареке

ЖАКСЫ ЖАКСЫ АДЕМИ

Пікір қалдырыңыз

Ағайын - туған есен бол

  • 0
  • 13

Ел едің құт дарыған Есім - Малай,
Қыдырып қызығыңды көрдім талай.
Арқаңда үрлеп ішіп, шайқап төктім,
Қайтқалы бет түзедім елге қарай.

Толық

Халық қазынасы

  • 0
  • 0

Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай,
Төрт түлігі мыңғырған,
Егісі көз тұндырған,

Толық

Асқан бұлбұл

  • 0
  • 1

Орыстың өлеңінің ақын көркі,
Алмастай мың құбылған меруертті.
Дүниеге асыл сөзден төктің маржан,
Жарқырап тар заманда-ақ шықтың еркін,

Толық

Қарап көріңіз