Жылу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жылу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 1
  • 8477
Жылылықтан жаралған
құшағы оның — таң мекен.
Менің Айдай анамнан
асқан сұлу бар ма екен?!
Мейірім-нұр төгілген
күн көзіндей жанары,
ойымды оқып өңімнен,
дірілдейді қабағы.
Жердегі бар тағамнан
ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
сүйікті адам бар ма екен?!
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
анамыздан тарайды.
1987


Пікірлер (1)

Еркем

Ана туралы таппақ 12 қатар

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері