Сабағымды бітірдім – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Сабағымды бітірдім» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3676
Сабағымды бітірдім.
Лагерьге енді барайын.
Оқып көркем кітаптың
Тәтті дәмін алайын.
Самолетке отырып,
Жұлдызша көкте ағайын.
Естісін әлем сүйсініп,
Мотормен ән салайын.
Шешек атсын қызыл гүл,
Мәпелеп сылап бағайын.
Иісі қандай тамаша,
Кеудеме сәндеп тағайын.
Тоқта, әй, жолдас! Тұра тұр!
Бейнеңді қазір түсірем.
Қазір даяр болады,
Қалмайды бес минуттен.
Шекарадан жауды ұстап,
Келемін байлап жетелеп.
Аузында нәгән күшігім,
Айдап келед төпелеп.
Химияның ғылымын,
Сүйіп сонша оқыдық.
Міне ұшырдық, жазда біз,
Ауаға шарды толтырып.
Шарықта, үш көкке шар!
Механигің біз балалар.

1939 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабағымды бітірдім өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Сабағымды бітірдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабағымды бітірдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабағымды бітірдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері