Әдемілік деген не? – Кәкімжан Қазыбаев

Бұл бетте «Әдемілік деген не?» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4548
Жұтынып тұрған сұлулық па?
Жоқ.
Бір-біріңнің сырыңды ұқ,
Суымайтын жылылық.
Мөлдіреген мойылдай көзің бе?
Жоқ.
Бір-біріңді қимай, жарасып жүрген кезің.
Сұқтандырған сырт сымбатың ба?
Жоқ.
Жүрегіңмен жазып жүрген нұр хатың.
Киім бе, әлде сәнді тігілген?
Жоқ.
Жарастығың — құдайдай әмсе жүгінген.
Сұлу сөз бе, ағылған?
Жоқ.
Ақ көңілің — ағынан ақтарыла жарылған.
Байлық па, әлде асып-тасып төгілген,
Жоқ, адамшылық әрқашан да асқақ көрінген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері