Тост – Кәкімжан Қазыбаев

Бұл бетте «Тост» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1112
Әр үйдің жарқыраған шамы,
Сағына күтер жары.
Ақ тұтқан ары.
Мол-қазына бары,
Мәуелеген бағы.
Жадырап жүрсе — жазы,
Жарасып жүрсе — назы.
Толассыз тулар қаны,
Үзіп берер жаны.
Оу, оған ешнәрсе жетпейді,
Бәрінен де жақсы,
Солардың қасымызда бары.
Кәне, әйелдер үшін бір алып қояйық!

27.08.1981 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері