Мен кім болар ем

Бұл бетте «Мен кім болар ем» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1540
Мен кім болар ем,
Соғыстан сен келмесең,
Мен кім болар ем,
Кісілікті, адамдықты сен бермесең.
Мен кім болар ем,
Осынау шыққан биігім, бақытымды,
Шындап, шындап берген сен демесем.
Ауырамын қорықпа дедің бірақ,
Қу жан-ай бірге туған ұштың құрақ.
Жай басқан арық қана шал болсаң да,
Мен үшін жанып тұрған сен бір шырақ.
Көргенде солған сенің жақтарыңды,
Іш дүнием бүкіл менің ақтарылды.
Құрысын жиған мүлкі, көрген күлкі,
Ал бауырың, сен сау қалсаң, атқа мінді...

26.08.78 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен кім болар ем өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Мен кім болар ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен кім болар ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен кім болар ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері