Домбай әсерлері

Бұл бетте «Домбай әсерлері» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1184
Әсер:
Зәуліммен үшеу болып
Домбай бардық,
Аспалы жолмен жүріп сайран салдық.
Табиғат мұнша сұлу болады екен,
Көркіне көз тойғысыз қайран қалдық.
Қарағай, қалың шырша жері қандай,
Mac қылған жұпар иіс демі қандай.
Шың құздан құлап аққан бұлақтары,
Төменде тұнып жатқан көлі қандай.
Тап-таза ауасы бар тіпті жұмсақ,
Шіркін-ай, мынау жерде біраз тұрсақ.
Кемінде бір он жасқа жасарар ма-ек,
Самалда салиқалы сайран құрсақ.
Базарда:
Шын ерлік сылтып жүрген Зәкендікі,
Онан соң алып келген Кәкендікі.
Орекең шекесінен шерте қарайды,
Дегендей мұның бәрі әкемдікі
Башайды берсем-дағы кофта аламын,
Мұндайға бәріңнен де епті адаммын.
Домбайды көрмек тұрғай көшірдік деп,
Жандарға ақша берген деп барамын.
Орынша түкті мұнда жақтырмайды,
Кәкең жүр мынаны ал деп таптырмайды.
Орекең ұстады өзін, тәуба құдай,
Қолынан жұлып алып лақтырмайды.
Дегенмен аларды кеп Кәкімжанға,
Кәкенде қарсы айтуға батыл бар ма.
«Менікін ал, менікі жақсы» деген,
Жаутаңдап қарай берді қатындарға.
Түйін:
Кеткенше шыдадым-ау азар ғана,
Көрікті жер көрген соң базарлама.
Бұл сапардан жасалған жақсы түйін,
Өзге әйелмен барған жөн базарға да.

1975 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбай әсерлері өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Домбай әсерлері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбай әсерлері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбай әсерлері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері