Қазақтың чайковскййі

Бұл бетте «Қазақтың чайковскййі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2068
(Мұқан Төлебаевқа)
Көктемің келді өзіңнің
Сызылтып тағы сиқырлы ән.
Көктемдей еді сезімің
Ояншы, досым, ұйқыңнан,
Ояншы, досым, ұйқыңнан!
Қабағы таудың қатулы
Қапсырған қара бұлт төніп.
Ұзатып жолға ақырғы
Алматы саған шықты еріп,
Алматы саған шықты еріп!
Жүлдені алған ол бұрын,
Жүйрігім еді жоқ теңі.
Өмір-ау сенің өндірің
Талантты сондай көп пе еді?!
Талантты сондай көп пе еді?
Тоқта, ажал — азалы үн!
Артыңда қанша күй қалды.
Басыңда сыңсып зарлы өлең
Қия алмай елің қиналды!
Қия алмай елің қиналды!
Тоқта, ажал — азалы үн!
Өмірдің шалқып ес күйі!
Қош бол, қайран сабазым —
Қазақтың Чайковскийі!
Қазақтың Чайкосскийі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың чайковскййі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың чайковскййі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың чайковскййі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың чайковскййі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері