Күйші мен тау

Бұл бетте «Күйші мен тау» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2586
(Әбікен Хасеновке)
Кешкілік алып еркін дала тыныс,
Уыздай ұйыды бар жаратылыс.
Ақпады атырапта жұлдыз — киік,
Қақпады көк аспанда қанатын құс.
Көрінген таулар мана кәрі алыптай,
Жабысты жерге шөгіп қарамықтай.
Қарайып кетті ормандар етектегі,
Аспаннан аунап түскен қара бұлттай.
Ұйытқан сал жігітті,
қыз баланы,
Қазақтың күйлерінің мұзбалағы.
Сол таудан өз тұрпатын танығандай,
Түксиді төмен құлап құз қабағы.
Кеуденің күй сарайы күмбірлемей,
Тұнжырап күйші бір сәт тұрды үндемей
Булығып әлденеге тұншыққандай,
Күймен бір бүлкілдейтін бұлбұл көмей.
Кәрілік, сырқат бірі еске кірмей
Бір кезде бұлаң қағып өссе гүлдей.
Кетіпті маңдайына жылдар тартып,
Қос сызық домбыраның қос шегіндей.
Тау жатты бойында оты сөніп қалған,
Шал тұрды со бір таудай шөгіп қалған.
Білмеді ол таудан биік тұратынын,
Күй болып көңілдегі көрікті арман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күйші мен тау өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Күйші мен тау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күйші мен тау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күйші мен тау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері