Өлең, жыр, ақындар

Ұстазға тілек

  • 30.05.2017
  • 0
  • 0
  • 24569
(сіңлі тілегі)

Қашаннан қуаныштың асқар әні,
Өмірге келген күннен басталады.
Құт болсын туған күні тәтемізге,
Алпысы құтты болсын асқаралы.

Жанында, міне, бүгін достар бар-ды,
Осылай алпысы да асқарланды.
Тәтенің соқпақ жолы биіктерге
Әу баста туған жерден басталған-ды.

Ұстаз болды онда да асқақ абыройлы,
Шәкірті тарих жолдан таныды ойды.
Өзі де рухани іске жақын,
Жан болды жаны таза, тағы да ойлы.

Кітап деп жан байлығын танып келді,
Мақсатын ізгі істерден анық көрді,
Ақыры тәтемізді ізгі соқпақ
Осындай биіктерге алып келді.

Мұнда да ұстаз болды асқаралы,
Көтеріп жақсы істерді, бастаманы.
Шәкірт бар, енді, міне, ұл-қызы бар,
Естіледі тәрбиелі жастар әні.

Осылай өмір болды мағыналы,
Бақ қонып берекелі шаңырағы.
60-қа толып отыр тәте бүгін,
Шырқалды қуаныштың тағы да әні.

Еңбегі жанды ұстаздық, бағаланды,
Ортадан қасиетімен дараланды.
Өсірді отбасында ұл мен қызды,
Оқытты өзіндей ғып балаларды.

Балалар өмір жолдан бақты алып жүр,
Қызметін абыройлы атқарып жүр.
Осыған тәте бүгін қуанып жүр,
«Балалар – бақытым» деп мақтанып жүр.

Қызметте абыроймен өскен ұлы,
Тәтеміз жүректе әр кез ескерілді.
Жарасқан, міне, отбасы – тәте, жезде,
Ибалы сәлем сап тұр қос келіні.

Шапқылап өсіп жатыр немерелер,
Кеңейер әлі талай керегелер.
Осындай бұтақ жайған бір әулеттен
Осылай тарай береді өнегелі ел.

Жастық шақ, балалық шақ арманымда,
Тәтенің тәрбие алғам мен қолында.
Өзіндей жан байлығын үлгі етті де,
Келемін соның әлі мен жолында.

Дегендей білім жолын түгесіп ал,
Өмірден ұстаз жолдың үлесін ал.
Бұл күнде болсам ұстаз абыройлы,
Тәтенің осы жолда үлесі бар.

Тәтеге өмір жолда бақ тілеймін,
Шарапатын ұрпаққа төкті деймін.
Бір соның ақылымен кейінгілер
Өмірден орындарын тапты деймін.

Тілектер жүректерден қосталады,
60-ы құтты болсын асқаралы.
Осындай ұлы тойда шаттықпенен
Шырқалсын туыстар мен достар әні!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұстаз тілегі

  • 0
  • 1

Жылдар бір жылдарға жалғанып,
Зыр қағар уақыт жүрдек-ті.
Мінеки, ұядан қомданып,
Түлегі ұшатын күн кепті.

Толық

Бөбекке тілек

  • 0
  • 19

Сеніменен атаң-әжең нәрленді,
Әр қылығың ана жүзге әр берді.
Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
Құлағына шырылдаған ән келді.

Толық

Қастерлі тұлға - Мұғалім

  • 0
  • 1

Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.

Толық

Қарап көріңіз