Өлең, жыр, ақындар

Қасым солай болмаса...

Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қуат алып жырына бәз-даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам...»
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан-жырды.
Жеді.
Тынды...
Керемет дерттер төиіп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген - қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда...»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..


Пікірлер (2)

Халида

Осындай қазыналы сөздерді оқып түсінетін біз бақытты екенбіз

Аяжан

Мұқағали Мақатаевтың Қасым солай болмаса... ұнады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Қырман басында

  • 0
  • 2

Қызу қарқын, көңіл шат,
Шығады жарқын дауыстар.
Ұштасқан қимыл қат-қабат,
Еселенген екпін бар.

Толық

Масақ

  • 1
  • 2

Біржола өлген ескі өмір тұмауратқан,
Біржола өшкен ескі жұрт қылау жапқан.
«Әулие тас» атанған жерге келіп,
Басын жаңа қазақтар құрап жатқан...

Толық

Өлең деген тумайды жайшылықта

  • 1
  • 5

Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылыңта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.

Толық