Оралмаған солдаттар – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Оралмаған солдаттар» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2321
Басыңды ій, ұлым, алда зират бар,
Бір кездегі қамал болған қыраттар.
Жатыр мұнда біздер үшін жан қиған,
Туған елге оралмаған солдаттар.
Дәл осынау тебіреніс шақта сен,
Ерлігіне ешбір теңеу таппас ең.
Барлығы да жиырмадағы жас еді,
Соның бәрін ұлым еске сақта сен.
Олар,олар боздақтары әр үйдің,
Өршілдігін – ерлік істен танимын
Жас өмірін жасқанбастан қиды олар
Күлкісі үшін, бақыты үшін сәбидің.
Ертеңі үшін түспен сансыз жалынға,
Отан рухы – сол ерлердің қанында,
Ер ерлігі ұмытылмас ешқашан,
Әрдайым да жүрсін, ұлым жадында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері