Қуанамын – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қуанамын» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3023
Отан — ана асқар тауым тірегім,
Өзіңменен егіз біткен жүрегім.
Сен – деп, соққан лүпілімен ып-ыстық,
Мен өзіңді адал шексіз сүйемін.
Сенсіз бақыт шуақ төгіп келгенбе,
Не жетеді дидарыңды көргенге.
Қуанамын қазақпын деп, мақтанам,
Қазақ анам емшек сүтін бергенге!
Елдікпенен жоғалтпаған қайратын,
Өзіңсің ғой арқа сүйер айбаттым.
Келер ұрпақ қадіріңді білсін-деп,
Сезім толы жырларымнан сый тарттым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері