О, Шәуілдір – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «О, Шәуілдір» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2850
О, Шәуілдір, Шәуілдір,
Көк аспаның көгілдір.
Шөл қыстаған кеудеме,
Жыр бұлағын төгілдір.
О, Шәуілдір, Шәуілдір.
Бөлек екен аспаның,
Тебіреніп жас жаным.
Бабалардың Рухынан,
Жырлар оқи бастадым.
Неткен ғажап дастаның!
Сонау Сайрам төсінен,
Сыр бойына көсілген.
Далам ұлы данадай,
Шежіремді көшірген
Кей парағы кесілген.
Үңіліп ем, жан бітіп,
Жусан исін аңқытып.
Шашу шашып әр төбең,
Елжіретті, балқытып
Өз ұлындай шалқытып.
О, Шәуілдір, Шәуілдір
Сен ұқсассың анама,
Қуат берші балаңа.
Кең Жылойдан келдім мен,
Тірек болған далама,
Арыстанбаптай бабама!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері