Өлең, жыр, ақындар

Қырық қыз туралы аңыз

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4342
(ел аузынан)

Бір ауыл көшіп келіп Қарақұмның,
Алғанда түкпірінде жаңа тыным.
Қияннан ғажайып саз ән келеді,
Самал жел құшағында жалғап үнін.
Сұлу-ай көк зеңгірден күлім қағып,
Сол саздан өнер күшін ұғып анық
Таңдана жұлдыздарға сыр шерткендей
Жүзінен балбыраған нұры тамып.
Шаршаған маң түйелер күлге шөккен,
Күйісін қайтармайды бұл несі екен.
Маңайда бар жануар елең етіп,
Елжіреп күмбірлеген үнге ілескен.
Қосылып әсем сазға аққу түгел,
Қаулады жер бетінде аппақ гүлдер.
Теңіздің толқындары шашу шашып,
Өр шыңдар тілегендей қайрат жігер.
Қарттарда буындары дірілдеген,
Қағысып тізелері тілімделген.
Елестеп жас дәурені жиырма бесі,
Еріксіз есіне алып күлімдеген.
Бар сыры табиғатпен егіз біткен,
Кім екен мынау ғажап күйді шерткен?
Идіріп алпыс екі тамырыңды,
Билеген сезіміңді еркіндікпен.!
Бөлеген адамзатты тыныштыққа,
Осы саз арман қылған ырыс бақпа.
Ұраны жер бетінде Имандылық,
Жетелер адамзатты сұлулыққа.!
Япыр-ау естіледі өзі қайдан,
Сырданба, сыр атқарын құшақ жайған.
Киелі жан бабамның өзі болып,
Ағылтқан ақпа жырды омыраудан.
Бәріде жаппай түріп құлақтарын,
Тыңдайды әннің ғажап ырғақтарын.
Тіршілік балдай тәтті ләзатпенен,
Тап бүгін сыйлағандай бұлақты әнін.
Шақырып қол бұлғаған алыстағы,
Сырымның тіл қатқандай ағыстары.
Қобыз ғой, біреу ұғып сыбырласа,
Қорқыт-деп, жұрттың бәрі дауыстады.
Сол есім тулатып сан жүректерді,
Тұрғанда айтып небір тілектерді.
Қырық қыз бөлінгені қалың топтан,
Сыбанып ақ сазандай білектерді.
Көгінде ұшты аққулар қанат қағып,
Әуенін әсем саздың бағытқа алып.
Қиналып қатарынан кештеу қалған,
Бойына ақсақ қыздың қуат салып.
Күн өтті, екінші күн қыр асқалы,
Сұлу саз таластамай жалғасқаны.
Жеткенде жағасында сұлу сырдың,
Жұмбақ сыр даналықпен ой ашқаны.
Көрді олар су бетінде кілем жайып,
Қорқытты қобыз шерткен таңғажайып.
Елітіп әсем саздың айбынына,
Жағада жатыр ажал қолын жайып.
Адамның арбасқаны ажалменен,
Осы ғой – жолатпай тұр ән сазбенен.
Үзіліп кетті кенет қобыз шегі,
Жантайып қалды Қорқыт абзал емен!.
Сырдың бал суы мөлдір қасиетті,
Қабылдап Қорқыт айтқан өсиетті.
Аймалап шығарғанда жағасына,
Көк аспан ақ нөсерден жасын төкті.
Күрсініп жан күйзелтер мұң жараға,
Күңіренді өксік жұтып кең даламда.
Арнаған бар өмірін өнер үшін,
Қырық қыз көзін жұмды осы арада.
Ән айтып құс салдырған аққу көлге,
Әуелден дара туған ақынды елде.
Өнердің жастай ұққан қасиетін,
Ақсақ қыз жатыр міне оқшау жерде.
Адамды ізгілікке жетелейтін,
Ұлы күш қызым осы өнер дейтін.
Сусындап нәр алуға бастауынан,
Келемін жылда емдеуге жанның дертін.
Үнсіз-ақ Рухыменен жазып өлең,
Баяғы сол сұлулық сазыменен.
Киелі елім сүйген Қорқыт бабам,
Күңірентіп күй шертеді қобызбенен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достан ата үні

  • 0
  • 0

Бабаларым ақын ұл деп,қол берген,
Кел, кел, балам, талай қиын жол көрген.
Ақ батасын бермесе егер ұлылар,
Жолың қалай болатынын кім білген?

Толық

Арыс баба үні

  • 0
  • 0

Ерлігімнен өшпейтін көздеп белгі,
Жырларыңмен тербетіп іздерімді.
Тебіреніп келдіңбе ақын балам,
Сағыныштан сарғайып іздеп мені.

Толық

Дүйсеке ата мешіті

  • 0
  • 0

Ұрпаққа имандылықтың желін есіп,
Бойына құя білген жігер нәсіп.
Япыр-ай, құлатардай не жазды екен,
Дүйсеке Атам салған сұлу мешіт!

Толық

Қарап көріңіз