Жиырма бес жаста жалынды
Бұл бетте «Жиырма бес жаста жалынды» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жиырма бес жаста жалынды,
Қарсы алып алтын таңымды.
Жетектеп көңіл нарымды,
Толғантым оймен жанымды.
Сындырмас деумен, сағымды.
Келгенмін саған жан бабам,
Өлеңнен іздеп бағымды.
Серік қып Иман, Арымды.
Ту қылып ұлттық танымды
Тулатып оттай қанымды.
Асылда туған алып ер,
Бұл күнде қос бес сән құрды,
Жүрекке от қып жырыңды,
Ту қылып келем нұрыңды.
Тіл қатшы, баба, Рухыңмен,
Тыңдайын елітіп үніңді.
Сағынып келдім Жылойдан,
Өзіңдей кие күнімді!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі