Ата рухыменен сырласу

Бұл бетте «Ата рухыменен сырласу» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 1
  • 2686
(Ибрагим Шияпұлы Акдраштегіне)

Жан атам ерлік толы жыр дастаным,
Қалайша бұған дейін сыр ашпадың.
Алдымда әулиемдей тұрсың міне,
Ойлардың сыйға тартып ең асқағын.
Тағдырың жазылыпты ақ қағазға,
Сия боп қуғындағы көз жастарың.
Адамзат баласына қазғандай ор,
Қаншама қырғын салған қызыл терор.
Алқынып темір торлы түрмелерден,
Жазықсыз зар шеккендер созады қол.
Елестер көз алдыңа еріксізден,
Аңсаумен өзің іздеп баратын жол.
Айдаған тозақ оты қан базарға,
Қаншама жайсаң өлді бұл жолдарда.
Әлі де ұмыта алмай құрбандарын,
Жел сарнап қосылғандай жоқтау жырға.
Омырауынан жас төгіліп ақ қайыңдар,
Ұқсайды ниеті адал пәк жандарға.
Сарғайып ұлын күткен аналардың,
Қалықтап шыбын жаны жүр-ау мұнда!
Ойламай қайғы толы өткен шақты,
Алаңсыз кім іздеген рахатты.
Қасірет қорлық зәрдің уын жұтып,
Қуғында қаншама ерлер ажал жұтты.
Жан жақтан қызыл дауыл қаптаған соң,
Шаңырақтар отқа оранып құлап жатты.
Еңіреп артындағы қалған сәби,
Басынан кешіп бейнет сан азапты.
Соққылап маңдайынан дауыл қарсы,
Қайғыдан езілсе де қабырғасы.
Жылма жыл жұт жайлаған сорды кешіп,
Әкесін сағынғанда төгіп жасты.
Құлатпай шаңырағыңды кие тұтып,
Ержетіп Шияп ұлың алға басты.
Сүйеніш бола біліп анасына,
Серік қып төзім атты қара тасты.
Жаныңа өмір сыйлап дәнін сепкен,
Бақыттың қазығы ғой әке деген.
Іздеді өзіңді ата жанын салып,
Сен жәйлі жақсы хабар сезген жерден.
Сапары жер бетінде біткенінше,
Мойнында борыш бардай өтелмеген.
Тапсырды көз жұмарда ұл-қызына,
Бұл жалған кімге мәңгі болған мекен?!
Сөнерде ашық күндей жүзі жарқын,
Тағы да қайталанып сенің атың.
Қимастық сезімменен қоштасарда,
Соңғы рет оқығандай сенім хатын,
Әкемнің жатқан жерін таппадым деп,
Толғантып тірек болған ізгі халқын.
Ұлдарым мен шықпаған биіктерге,
Шығар-деп, айтқан бізге аманатын!
«Тағдырдың тең бөлісіп берген бағын,
Сақтаңдар ер намысын, ел ажарын.
Қадірлеп тіршілікте бір-біріңді,
Қастерлеп ерлік даңқын бабалардың»
Осылай ақтық деммен сөзін жалғап,
Босатқан Алла берген шыбын жанын.
Әкеміз сенім артып үміт еткен,
Келер-деп, ата даңқы ерте кеткен.
Жалғауға өмір жібін ізгілікке,
Перзенттік ниетіммен ақ жүрекпен.
Өзіңді мен іздеуді қолға алғанмын,
Қимылдап ерлік күрес әрекетпен.
Кім білген Амур жаққа жеткеніңді,
Залым жау жала жауып ыза кекпен.!
Бұл жерде бойға жиған ұлы сипат,
Орнаған қуғындарға мәңгі зират.
Осында АМАНЖОЛДЫҢ АКДРАШЫ,
Тұлғасын көтерейін өзім сыйпап.
Бабамның әруағын қастерлесем,
Жан ата сонда емеспе иман сымбат?!
Адал жан Тәңіріңнің сүйген құлы,
Қашанда өзі қолдап түсер нұры.
Атасын архивтерден іздеп тапқан,
Тебіреністе ИБРАГИМ ШИЯПҰЛЫ.
Ортақ боп естен кетпес қуанышқа,
Ағылтып омыраудан төктім жырды,
Сау болып тіл көздерден,күншілдерден,
Әрдайым ашық болсын жолы нұрлы!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ата рухыменен сырласу өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ата рухыменен сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ата рухыменен сырласу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ата рухыменен сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері