Бұл бетте «Тастемір әулие баба үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең Жылой әуел бастан ел ырысы,
Мұнда бар ән менен күй, күн күлкісі.
Ой салар келер ұрпақ зердесіне.
Сан заман ғасырлардың жүгірісі.
Солармен сеніменен жолым ашық,
Жеңе алмас ешкім оны таптап басып.
Қаншама ерлер жатыр Бақашыда,
Жан салып туған елге болған ғашық.
Солардан Алшын деген қалған даңқ,
Ия, Бекет десең қазір ұран салып,
Айбынды әскер келер көз алдыңа,
Бұл жерді мекендеген батыр халық!
Әр тасы жырға толы аңыз балам,
Сыр шертер тыңдай білсең қобыз далаң.
Әр сазын жырға аударып жеткізе біл,
Бабасын ұмытпасын асыл ұлан!
Кеудеңде ұлттық намыс лаулап жалын,
Тағдырдың қадір тұтып берген бағын.
Аянбай қызмет қылып нар халқыңа,
Сақтай біл ел намысын ел ажарын!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі