Аққулар үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Аққулар үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2042
Кел ақын кімді іздедің сағынышпен,
Бұл дала мұңға батып сағым ішкен.
Қаншама сырды жатыр бұғып ішке,
Сөйлесе шығарардай жалын іштен.
Сұлулық сырын терең ұқсаң жаным,
Шуағын тілеп елге аппақ таңның.
Жар салып кең әлемге келеміз біз,
Бабаңның айтпай кеткен армандарын.
Кеудеңде теңіздейін тасып өлең,
Сен тағы кімді іздедің асыл берен?!.
Қане кел сезіп тұрмыз көрсетейік,
Бабаңды ақ қанаттың ұшыменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері