Өлең, жыр, ақындар

Дәден ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1723
Кел, кел балам толқып кетті жүрегім,
Қабыл болсын маған деген тілегің.
Арнап өзің бас иіуге келген соң,
Ағылтайын қалың ойдың тиегін.
Осы жерде арғы атасы қыпшақтың,
Сөндірместен отын өмір ошақтың.
Аралтөбе қырларында қоныстап,
Сармат атын тасқа жазған жасап күн.
Келер ұрпақ ұқсыншы-деп, тарихын,
Қалдырыпты семсерлерін сауытын.
Жебелер бар құйған зерлеп қоладан,
Жырла балам қанатында шабытың!
Бір кездері сәйгүліктер ойнаған,
Көз тастасаң шетсіз-шексіз айналаң.
Елестейді көз алдыңа бабалар,
Боз жусанды боз даласын қимаған.
Кең Жылойға сыйлай білген бақ нәсіп.
Шығыс жақтан мұнартады Ақ мешіт.
Ақша бұлттан желкен құрып далама,
Ғасырлардан тұрғандай ол сыр шертіп.
Әлдилеген Пір Бекеттей дана ұл,
Осында ғой Жаналы мен Мырзағұл.
Жәниядай қасиетті анаң бар,
Бар қазаққа өнегемен болған жыр.
Құмды қырлар оқығандай дастанын,
Тебіреніп толқыдыма жас жаның.?
Пір Бекеттен дәріс алған шәкірті,
Ой салады әулие атаң Құлшаным!
Құшақтағың келіп тұр-ау бәрінде,
Баба даңқы арқау болсын әніңе.
Иман болса жаныңдағы жолдасың,
Туған жерің сыр шертер-ау әлі де.
Бәрінің де жыры болған кең Жылой,
Бәрінің де әні болған кең Жылыой.
Қорқыт бабаң күй шерткендей қобызбен,
Толғантады әсемдікпен қалың ой!
Ой жіберсең тереңге асыл тұяғым,
Құт қашпаған құшағыңнан ұяңның.
Жыр атасы Сыпыра жырау өскен жер,
Алға тартып Асан бабаң қиялын.
Осы жерде өшпес жалын жүрекпен,
Құрманғазы тебірене күй шерткен.
Исатай мен Махамбеттер қол жинап,
Кеңдігіне пейілімен ту тіккен.
Өткен мұнда талай жиын құрылтай,
Тастемірден ұран тастап Қаратай.
Сегіз сері әнге салған ұмтылмас,
Әннің аты «Кең Жылой»мен «Буырылтай»!
Ерлік үшін жүректі боп жаралған,
Ұл қыз өсіп ақ сүт емген анадан.
Бабалардың аманатын ту қылып,
Күн шуақ боп Кең Жылойға таралған.
Айта берсем таусылмайтын жыр болар,
Өтті небір ой ағысты тұлғалар.
Парасатпен біріктіріп еліңді,
Әрдайымда алға бастап жүрді олар!
Әділдікпен кеңес құрып әрдайым,
Ынтымақпен күнде ойлап ел жайын.
Даналықты тарту еттік өзіңе,
Келер ұрпақ кеппесін-деп, таңдайың!
Аз болған жоқ біздер көрген мұңымыз,
Тасқа жазып қалдырғанбыз оны біз.
Бәрін, бәрін сақта балам жадыңа,
От кеудеңде жүрсін тулап қанымыз.
Қызыл дауыл аждаһадай жез тырнақ,
Нар халқыңды аямастан алқымдап.
Бар қаймағын бетіндегі сыпырып,
Қорлап күліп сүйектерін сындырып.
Түрмелерге айдап тықты шынжырлап.
Зомбылақтан ағып жатты қан бұлақ.
Жер бетінен жою болу мақсаты,
Қолдан аштық жасап бақты дәнді ұрлап.
Адастырып ата-дәстүр салтымнан,
Тарихымның бетін жыртып зақымдап
Бас болмаса кеуде ішіне толар лас,
Ал кеудесіз адам әсте жым-жылас,
Ақыл ізде тамырыңнан сусындап,
Бабалардан сөздер қалған ұмтылымас.
Жоғалтпастан ата-даңқы үлгісін,
Бәріне де төздік ұрпақ сен үшін.
Жеткізсек-деп, ақ сүт емген тіліңді,
Жеткізсек-деп, дін иманның жемісін!
Сен қадірле бәрін ұлым бағалап,
Өткеніңді ақылменен саралап.
Еркіндігің ақылыңмен сай келсе,
Сонда ғана маңдайыңа қонар бақ!
Қорға,қорға ата-жұртты талмастан,
Құшағынан бауырыңды жазбастан.
Туған жерде өмір бұлақ бастауың,
Бабалардың үніменен жалғасқан!
Жырла, жырла әдідіктің сән көшін,
Біздер жаққан шындық оты сөнбесін.
Таламасын нар халқыңды қорқаулар,
Зомбылықтың төріңде ашып көрмесін.
Ермей әсте адасқандар бұзыққа,
Тіреу болып ел ойлайтын озыққа.
Қасында бол қарапайым халқыңның,
Өлсең дағы байлық таққа қызықпа!
Мәңгі майдан ұғынғанға бұл тірлік,
Әнің болсын жырың болсын ізгілік.
Жол бастасаң келер буын кейінге,
Тау қопарар олар тасын жүз тіліп!
Сырымды айттым саған сеніп жас ұлан,
Сақ болғайсың езеуіреп тасудан.
Тыңдай білсең ақылымды ой бөліп,
Күнде алдыңнан арайлы таң ашылған.
Міне бүгін қастер тұтып еске алып,
Жиналыпты ас беруге көп халық.
Бәріне де бақыт берсін Тәңірім,
Тыңдап ал сен тілектерін зер салып.
Не жетеді ата жолмен өскенге,
Туған жерсіз бақ таба алмас ешкім де.
Күн бесігің-Кең Жылойды жырлай біл,
Бабалардың аманатын ескер де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нарынбай батыр үні

  • 0
  • 0

Кел ақыным жазған ерлік дастанын,
Аласұрып кеудеңдегі жас жаның.
Отан атты тарихыңның киелі,
Іздедіңбе туған жерден бастауын.

Толық

Өтежан Нұрғалиев

  • 0
  • 0

Бөлек біткен жаратылыс күмбезі,
Ақындардың ақыны еді ол өзі.
Сыймай кетті кең дүние тар болып,
Әділетсіздікке шоқтай жанып өзегі.

Толық

Қара нар

  • 0
  • 0

Ассалаумалейкум!
Мұнайдан өскен киелім,
Кеудемдегі күмбірлеген күй ме едің,
Сәлемдерін қарттарымның арқалап,

Толық

Қарап көріңіз